Зардап шеккен ер адам ауруханаға жеткізілді
Ақсуда слесарь 5 метр биіктіктен құлап кетті, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
«Аталған факті тіркелді. Сараптама тағайындалды. Тексеру жүргізіледі», - дейді Облыстық полиция департаментіндегілер.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасында ер адамның жағдайы тұрақты екенін хабарлады. Оқиға салдарынан 1986 жылы туған ер адам оң жақ білектің екі сүйегінің проксимальды бөлігінің жабық сынуымен Ақсу қаласының ауруханасына жеткізілген. Қазіргі таңда ота жасауға дайындалып жатыр.