$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
13.04.2021, 11:15
Оқиғалар

Ведомство өкілдері Атырауда жол апатына ұшыраған полицейлердің мас күйде болғанын жоққа шығарды

Уақытша қамау изоляторының бастығы және аудандық полиция бөлімінің бастығы жарақат алды

Ведомство өкілдері Атырауда жол апатына ұшыраған полицейлердің мас күйде болғанын жоққа шығарды
фото: azh.kz

11 сәуірде таңғы сағат 11 шамасында Доссор – Атырау тас жолында полицияның «Нива» автокөлігі жол апатына ұшырады. Көлікте Мақат аудандық полиция бөлімінің 30 жастағы уақытша қамау изоляторының бастығы және 34 жастағы Доссор аудандық полиция бөлімінің бастығы болды, деп хабарлайды azh.kz.

«Жол-көлік оқиғасы полиция қызметкерлерінің қызметтік міндетін орындау кезінде орын алды. Көлік жолдан шығып кетті. Көлік апаты  кезінде «Нивада» екі полиция қызметкері болған. Себептері анықталуда», - деп түсіндірді Атырау облысы ПД баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметі әлеуметтік желіде тараған полиция қызметкерінің мас екендігі туралы ақпаратты жоққа шығарды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, полиция қызметкерлері облыстық аурухананың нейрохирургия бөлімінде орташа ауыр халде жатыр. Доссор АПБ бастығының белінде аздаған сынық болса, УҰИ бастығында – бас миының соғылуы.

Қылмыстық кодекстің 345-бабының 1-бөлігі («механикалық көлiк құралын басқаратын адамның жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын абайсызда адамның денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтiруге әкеп соққан бұзуы») бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, бұдан бөлек қызметтік тексеру жүргізілуде.

Серіктес жаңалықтары