Шошқа фермасының жұмысы тоқтатылды: 400-ге жуық жұмысшы әкіммен кездесу үшін Ақтөбеге барды

Автор: Azattyq Rýhy

Кездесуде екі тарап нақты бір шешімге келе алмады

Ақтөбе облысы Бестамақ ауылындағы шошқа фермасының 400-ге жуық жұмысшысы наразылық көрсетуді жөн көріп, екі автобусқа отырып, тікелей облыс әкіміне бет алған. Оларды жергілікті полиция өкілдері күтіп алып, Халықтар достығы үйіне апарған. Бұл туралы diapazon.kz хабарлайды. 

Олардың бәрі ғимараттың акт залына кіргізіліп, ферма қызметкерімен облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржауған Қалауов, прокурорлар мен экологтар сөйлескен. Билік өкілдері сот орындаушылары кәсіпорынның кәріз жүйесі жабу мен шотын бұғаттауды заңға сәйкес жүргізгеніне сендіргісі келген. Мұндай шешім заңбұзушылықтардың жойылмағанына байланысты қабылданған.

Ферма қызметкерлері жұмыссыз қалғанын, жалақысын ала алмай отырғанын айтқан. Кездесу эмоционалды күйде өткен.

Екі тарап нақты бір шешімге келе алмаған. Жұмысшылар әкімдік қызметкерлерінің кездесуден кейін бірден шошқа фермасына баруын талап еткен. Содан соң кездесуге қатысқандардың барлығы шошқа фермасына аттанған.

Еске сала кетейік, 11 сәуірде Бестамақ ауылындағы шошқа фермасының жұмысы тоқтатылғаны хабарланды.