Экология министрлігі қабылданған шаралар туралы қосымша хабарлайтынын жеткізді
Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі «Теңізшевройл» ЖШС-ға қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізеді.
7 сәуір сағат 15:20-да КТЖ-2-нің тінші жолындағы С511 қондырғысының жұмысы автоматты бұғаттағыш іске қосылғандықтан тоқтап қалған. Салдарынан ластаушы заттар (сары түтін) түтін мұржасы арқылы қоршаған ортаға шығарылған.
«Теңізшевройл» ЖШС-мен бірге автоматты бұғаттағыштың іске қосылу себептері анықталуда. Атырау облысы бойынша экология департаментімен жоғарыда көрсетілген фактілерге қатысты «Теңізшевройл» ЖШС-ға жоспардан тыс тексеру тағайындау мәселесі қарастырылуда.
Қабылданған шаралар туралы қосымша хабарланады.