Лай су салдарынан жолдың 30 метрден астам бөлігі опырылып түскен
Алматы қаласының Медеу ауданында көшкін жүріп, жолдың бір блігі опырылып түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
Медеу ауданы әкімдігінің мәліметінше, әкімдік қызметкерлері мен аудандық төтенше жағдайлар қызметінің өкілдері оқиға орнына барған.
«Оқиға орнында жолдың 30 метрден астам бөлігінің құлағаны көрініп тұр. Төтенше жағдайдың алдын алу үшін арнайы белгі орнатылды. Тиісті шаралар қолдану жөнінде шешім қабылданған соң, жолды нығайтып, жөндеу жұмыстары жүргізіледі», - делінген әкімдік хабарламасында.