Павлодарда ер адамды пышақтап кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Аталған фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды 

Фото: ашық дереккөзден

Павлодарда пышақ жарақатынан көз жұмған ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 6 сәуір күні сағат 23:55-те Абай көшесіндегі үйдің жанынан пышақпен жарақаттап кеткен облыс орталығының 35 жастағы тұрғынының денесі табылды. 

"Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама тағайындалды. Жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде қылмыс жасады деген күдікпен 30 жастағы ер адам анықталып, ұсталды", - делінген хабарламада.

Қылмысты жасауға тұрмыстық жанжал себеп болған. Тергеу жалғасуда.