$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
07.04.2021, 17:13
Оқиғалар

Семей тұрғынынан мылтық пен карабин тәркіленді

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде

Семей тұрғынынан мылтық пен карабин тәркіленді

Семей тұрғынынан мылтық пен карабин тәркіленді, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Жарма ауданының криминалдық полиция қызметкерлеріне жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ЖШС қызметкері ойық қаруды заңсыз сақтағаны туралы ақпарат келіп түсті. 

"Шуақ кентінің жанында орналасқан тұрғын үйдің маңайында орналасқан контейнерді тінту кезінде Семей қаласының 35 жастағы тұрғынынан зауыттық тәсілмен дайындалған және атуға жарамды 5,6 калибрлі бір оқтаулы ойық карабин табылып, тәркіленді. 

Сонымен қатар, Семей тұрғынынан калибрі 12 мм тегіс ұңғылы бес оқтаулы мылтық алынды, ол зауыттық әдіспен жасалған және атуға жарамды және де екі дана оқ-дәрі калибрі 12 мм тегіс ұңғылы атыс қаруының оқ-дәрілері болып табылады", – деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев. 

Қару ұсталған ер адамға тиесілі еместігі анықталды. Тәркіленген заттар “қылмыстық қару” және “Тіркелген қару” базалары бойынша тексерілді. Нәтижесінде қару есепке тіркелмеген. Күдіктінің айтуынша, карабин оған 2007 жылы қайтыс болған марқұм атасынан қалған. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 287-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Серіктес жаңалықтары