250 келі торта балығын заңсыз аулаған Қызылорда қаласының тұрғыны ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Заң бұзғандар жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде қолға түсті

250 келі торта балығын заңсыз аулаған Қызылорда қаласының тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері облыстық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы қызметкерлерімен бірлесіп, “Уылдырық-2021” атты. Іс-шараның жеті күнінде сегіз әкімшілік және екі қылмыстық құқық бұзушылық анықталды.

Мәселен, сәуір айының 6-сы күні полиция қызметкерлері Арал-Балық инспекциясының қызметкерлерімен бірлесіп рейдтік шара кезінде заңсыз балық аулаудын екі дерегін анықтады.