Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД тұрғындарды барынша сақ болуға шақырады
Ауа райының бұзылуына байланысты елордадан шығатын барлық бағыттағы автокөлік жолдары жабылды, деп хабарлайды деп хабарлайды Azattyq Rýhy Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД-ға сілтеме жасап.
«Құрметті елордалықтар мен қала қонақтары! Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаменті ауа райының бұзылуына байланысты (бұрқасын, жел 25 м/с) 06.12.2019 ж сағат 20.30-дан бастап қаладан шығатын барлық бағыттағы автокөлік жолдары жабылғанын хабарлайды», - делінген хабарламада.
Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД тұрғындарды ауа райының өзгеруіне байланысты ақпараттардан құлағдар болып, барынша сақ болуға шақырады. Егер төтенше жағдай орын алған жағдайда 112 нөміріне телефон шалуға кеңес береді.