Екібастұзда 93 жастағы қария бесінші қабаттан құлап, көз жұмды

Автор: Azattyq Rýhy

Оқиғаға қатысты сараптама тағайындалды

Фото: ашық дереккөзден

Екібастұзда 6 сәуір күні 93 жастағы пәтер иесі өзінің абайсыздығынан тепе-теңдігін сақтай алмай, бесінші қабатта орналасқан пәтерінің терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

"Алған жарақаттарынан қала тұрғыны оқиға орнында көз жұмды. Аталмыш факті тіркелді. Сараптама тағайындалды. Тексеру жүргізіледі", - дейді Полиция департаментіндегілер.