ШҚО-да әйел болып киінген ер адам шағын несие ұйымын тонады

Автор: Azattyq Rýhy

Күдікті бір сағат ішінде ұсталды

фото: ШҚО полиция департаменті

21 наурызда сағат 11:30-да Риддер қалалық полиция бөлімінің кезекші бөліміне қала тұрғынынан қоңырауы келіп түсті. Ол ЖШС-ға тиесілі микроқаржы ұйымының кеңсесі тоналғаны туралы хабарлады.

Жәбірленуші ірі көлемдегі ақша ұрлаған қаскөй әйел адам болды деп сендірді. Оқиға орнына Риддер қалалық полициясының тергеу-жедел тобы мен криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері жіберілген.

Жәбірленушілер мен куәгерлер тонаушының қыз екенін мәлімдеп, жақын маңдағы тұрғын үйлердің ауласы арқылы қашып кеткенін айтқан. Алайда, жедел уәкілдер бір сағат ішінде күдікті азаматты анықтап, ұстады. Ол Риддер қаласының 45 жастағы тұрғыны болып шықты.

Қаскүнем көптен бері Риддер қаласындағы базарлардың бірінде орналасқан пайызсыз қарыз беретін микроқаржы ұйымының кеңсесіне шабуыл жасауды жоспарлаған. Ол әйел болып киініп - күләпарасы бар (капюшон) ақ түсті әйелдер курткасын, өкшесі бар ақ етік, әйелдер паригі, қара шарф және бет-әлпетін жасыратын медициналық маска тағып, танымастай өзгерген. Ол кеңсеге кіріп, қару тәрізді затпен қорқытып, менеджерден ірі көлемдегі қаражатты ашық түрде ұрлаған.

Қазір аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 191-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.