ШҚО тұрғыны марихуананы пешке жасырған

Автор: Azattyq Rýhy

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде

Фото: ашық дереккөзден

ШҚО тұрғыны марихуананы пешке жасырған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы барысында Риддер қаласы полиция бөлімінің полиция қызметкерлері есірткі затын сақтаған 43 жастағы ер адамды анықтады. Риддер қаласының тұрғыны есірткіні пештің артында пластикалық бөтелкеде сақтаған.

Сараптамаға сәйкес, тәркіленген зат жалпы салмағы 471,99 гр кептірілген марихуана болып шықты.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 296-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.