Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде
Наурыз айының басында Курчатов қаласының полиция бөлімінің «102» жедел арнасына 55 жастағы ер адам хабарласты. Ол 2021 жылғы 13-25 ақпан аралығында белгісіз тұлғалар еркін қол жеткізу арқылы үйдің 4 және 5 қабаттарының арасындағы баспалдақта тұрған шойын жылыту батареяларын ұрлап кеткенін хабарлады.
Осылайша, 50 000 теңге сомасына материалдық шығын келтірілді.
Тергеу-жедел тобының қызметкерлері жедел ізге түсумен Курчатов қаласының 50 жастағы тұрғынын анықтап, жеткізді. Ол ұрланған мүлікті беріп, мойындады.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.