$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
06.12.2019, 09:13
Оқиғалар

Әнші Жанар Хамитованың өліміне қатысты тергеу тоқтатылды

Ол 19 қыркүйекте Қарағанды облысында әке-шешесінің үйінде таңғы уақытта қайтыс болған

Әнші Жанар Хамитованың өліміне қатысты тергеу тоқтатылды
Фото: ашық дереккөзден

Әнші Жанар Хамитованың өліміне қатысты тергеу тоқтатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Қылмыстық іс ҚР қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы негізінде іс-әрекетте қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтады», - деп хабарлады Қарағанды облыстық ПД баспасөз қызметі.

Айта кетейік, тергеу шаралары ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы 1-бөлігі («Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу») бойынша жүргізілді. 

Еске салайық, Жанар Хамитованың қайтыс болғаны туралы хабарды оның әріптесі Әбубәкір Ужазов жариялаған еді. Ол 19 қыркүйекте Қарағанды облысы Қарқаралы қаласында әке-шешесінің үйінде таңғы уақытта қайтыс болған. Соған дейін Жанар Хамитова телебағдарламалардың бірінде депрессияда жүргенін және сахнаға шығуға қорқатынын айтқан еді. 

Серіктес жаңалықтары