Оқиға 27 наурызда болған
Ақсуда биіктіктен құлаған жігіт өндірістік жарақат алды. Жазатайым оқиға 27 наурыз күні сағат 04.00-де орын алған, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
«Ақсу қаласында 25 жастағы жас жігіт жөндеу жұмыстары кезінде баспалдақпен төмен түсіп келе жатқан сәтте өзінің абайсыздығынан 2.4 метр биіктіктен құлап кеткен», - дейді облыстық полиция департаментінде.
Өңірлік денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, ер адам өндірістік жарақат алған. Жағдайы орташа, тұрақты деп бағалануда. Құйымшақ сүйегінің жабық сынуы диагнозы қойылған.