Олардың екеуі - балалар
Ақмола облысында жол апатынан 7 адам зардап шекті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Нұр-Сұлтан-Қабанбай батыр» автожолында «Газель» мен «Lada Largus» көлігі соқтығысқан. Жол апатынан 7 адам, оның ішінде екі бала) зардап шегіп, Нұр-Сұлтан қаласының №2 қалалық ауруханасына жеткізілді», - деп жазылған хабарламада.