ШҚО тұрғынынан оқ-дәрілер тәркіленді

Автор: Azattyq Rýhy

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде

Фото: ашық дереккөзден

Полиция қызметкерлері «Құқықтық тәртіп» ЖПІШ аясында Өскемен қаланың 40 жастағы тұрғынының пәтерінен мамандандырылған тергеу сотының санкцияланған тінтуін жүргізу кезде 6 дана тапанша мен патрондарға ұқсас 2 зат, 5 дана газ баллондарды, 2 ыдыстағы бытыраны (металл оқтар) анықтап, тәркіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баллистикалық сараптама қорытындысына сәйкес алынған зат «45 Rubber» калибрлі жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар газ тапаншасы болып шықты. Тапанша зауыттық әдіспен жасалған және ату үшін жарамды.

Газ тапаншасынан алынған 6 зат травматикалық қаруға арналған «45 Rubber» калибрлі патрондар болып шықты. Патрондар зауыттық әдіспен жасалған және атыс жасауға жарамды. Шетелдік өндірісінің зауыттық әдісімен жасалған 4,5 мм калибрлі тағы бір газ баллонды пневматикалық тапаншасы спорттық және жаттығу атыстарына арналғаны және атыс қаруына қолданылмайтыны анықталды.

Тексеру кезінде күдікті ер адам тәркіленген заттарды Белоусовка ауылында тұратын 43 жастағы танысы, қаланың кафелерінің бірінің жанында тапқанын түсіндірді.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жүргізілуде.