Жетісайда балықты заңсыз аулаған браконьер ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Жергілікті тұрғыннан заңсыз ауланған 100 келіге жуық балық тәркіленді

фото: polisia.kz

Жетісай ауданы полицейлері Үтіртөбе ауылына қарасты Шардара су қоймасы маңында жергілікті тұрғынның заңсыз түрде шанышқы (астрага) пайдалана отырып, балық аулап отырғанын анықтады.

Ұсталған азаматтан айғақ зат ретінде бір резеңке қайық, үш метрлі шанышқы және 50-ден астам заңсыз ауланған балық тәркіленді. Тәркіленген балықтардың салмағы 93 келіні құрады.

Аталған жайт Қылмыстық кодекстің 335-бабы (Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерді заңсыз аулау) бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне қылмыстық іс ретінде енгізілді. Табиғатқа залал келтірген тұрғын келу туралы міндеттеме Жетісай аудандық полиция бөліміне жеткізілді.