Әлемде бар болғаны 4 мыңдай ғана ілбіс бар
Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығында қар барысы тағы да фототұзаққа түсті. Бұл туралы Экология министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Қызыл кітаптағы жануар түскен қайталанбас кадрлар теңіз деңгейінен 2900 метр биіктікте тіркелген. Қар барысы - жер бетіндегі сирек кездесетін және ұстатпайтын жыртқыштардың бірі.
Жойылып кету алдында тұрған жаратылысты саны әлемде бар болғаны 4 мыңдай ғана.