Ұсталған азамат Ақтөбе қаласының 45 жастағы тұрғыны болып шықты
Атырауда жер алып беремін деп бірнеше азаматты алдаған алаяқ ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Атырау қалалық Полиция басқармасына жергілікті үш тұрғын арызданып, алаяққа алданып қалғанын жеткізген. Жәбірленушілерге осы уақытқа дейін не жер алып бермеген, не ақшасын қайтармаған күдікті жедел-тергеу тобының шұғыл іздестіру жұмыстарының нәтижесінде анықталып, ұсталды.
«Ұсталған азамат Ақтөбе қаласының 45 жастағы тұрғыны болып шықты. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 190-бабының 3-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде», - делінген ақпаратта.