СҚО-да иісшіл иттердің көмегімен 15 келі есірткі тәркіленді
Өңірде жыл басынан бері полицейлер есірткі іздеу үшін 15 рет қызметтік-іздестіру иттерін пайдаланған
Солтүстік Қазақстанда жыл басынан бері қызметтік-іздестіру иттердің көмегімен 15 келіден астам есірткі тәркіленген. Полицейлер иттермен бірге атқарылатын жұмыс нәтижелі екенін атап өтті, деп хабарлайды Аzattyq Ryhy тілшісі.
Полиция департаменті баспасөз қазметінің мәліметінше, кинология қызметі жыл сайын жас мамандармен толығуда. Аталған салада еңбек өтілі 1 жылға толмаған 4 жас маман еңбек етіп жүр. Солардың бірі - қызметін енді бастаған Мамлют ауданы полиция бөлімінің инспектор-кинологі полиция сержанты Әлібек Уәлиханов. Ол осы кезге дейін айдауылдаушы-полицей қызметін атқарған, бірақ өзі мойындағандай, жануарлармен жұмыс оны бала кезінен қызықтырған. Әлібекке аймақтағы ең тәжірибелі «төрт аяқты полицейлердің» бірі лабрадор-ретривер Амиго тиген. Мамандар ит пен адамның үйлесімдікте жұмыс істеуі үшін екеуі бір-бірін ұғынуы маңызды екенін атап өтті.
«Білім мен тәжірибе қаншалықты маңызды болса, алдымен туа біткен жұмысқа бейімділік, төрт аяқтыларды түсіну қабілеті соншалықты қажет. Сангвиник адам мен холерик ит мінездерімен сәйкес келді. Полиция сержанты Уәлиханов қызметке тағайындалған соң бір аптадан кейін, оларға іс жүзінде өздерін дәлелдеуге мүмкіндік түсті. Жедел ақпаратты тексеру кезінде Әлібек Амигоны жеке ауланы тексеруге пайдаланды. Ит 100 граммнан астам марихуана оралған пакеттің сақталған орнын тауып берді. Бұл - қабілет пен табандылықтың әрқашан жетістікке апаратынын көрсететін бір ғана мысал», - дейді Кинологиялық қызмет орталығының аға инспектор-кинологі, полиция майоры Ерік Кәрібаев.
Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері есірткі іздеу үшін 15 рет қызметтік-іздестіру иттерін пайдаланды. Бесеуі оң нәтиже берді. Иіс арқылы алынған есірткінің жалпы салмағы 15 келіден асты.
Эльмира Мәмбетқызы, СҚО