Ақтау тұрғындары есірткі жарнамасына шағымданды

Автор: Azattyq Rýhy

Қалада есірткі жарнамасы бар жазулар көбейіп кеткен 

Әлеуметтік желілерде Ақтау тұрғындары есірткі жарнамасының жиілеп кетуіне шағымданып жатыр. Есірткі сайттарының мекен-жайлары жазылған жазулар қаланың түрлі шағын аудандарында пайда болуда, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Lada.kz-ке сілтеме жасап. 

Соңғы уақытта тұрғындар есірткі жарнамасы туралы жазулардың көбейіп кеткенін айтуда. Белгісіз адамдар ғимараттардың қоршаулары мен қасбеттеріне есірткі заттарын алуға болатын мессенджерлердегі сайттар мен арналардың мекен-жайларын жазып қалдырады. 

"Бірнеше күн бұрын 14 шағын аудандағы 46 үйдің тіреу қабырғаларыннан синтетикалық есірткі жарнамасын көрдім. Есірткі тарататын және оны қорықпай жарнамалайтындармен күресу керек шығар? Қазір жасөспірімдердің көпшілігі осы синтетикалық препараттарды тұтынатынын естідім", - деп шағымданды 14 шағын ауданның тұрғыны.

Instagram әлеуметтік желісінде "есірткісіз қала" тобы пайда болды. Белсенділер азаматтарға осындай жарнамаларды өздері өшіріп кетуіне кеңес берді.