Екібастұзда әйел адам терезеден құлап кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Дәрігерлердің айтуынша, ол мас болған

Екібастұзда 55 жастағы әйел үшінші қабаттағы терезеден құлап кеткен. Жазатайым оқиға Мәшһүр Жүсіп көшесі, 25 мекенжайы бойынша орналасқан үйде болған, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Оқиға орнында жедел жәрдем бригадасы шақырудан екі минут өткен соң болды. Дәрігерлер зардап шегушіні тексеріп, оның мас күйінде екенін анықтады.

Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, әйел адамның оң жамбасының үштен бір бөлігі сынған. Ол Екібастұз қалалық ауруханасына жатқызылды.