АҚШ-та полицейге пышақ ала жүгірген оқушы оққа ұшты

Автор: Azattyq Rýhy

Куәгерлердің айтуынша, полицей мен оқушы арасында кикілжің болған

АҚШ-тың Висконсин штатында пышақ ала жүгірген жасөспірім тәртіп сақшысын жаралады.

Қарсы жауап ретінде полицей оны атып өлтірген. Кейін анықталғандай, бақилық болған бала небәрі 16 жаста болған. Әзірге мектеп оқушысының мұндай әрекетке баруына не себеп болғаны белгісіз. Куәгерлердің айтуынша, полицей мен оқушы арасында кикілжің болған көрінеді.

Қазір осы дерек бойынша тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Дереккөз: 24.kz