Балалар ауруханаға орташа ауыр жағдайда жатқызылды
15 наурызда Глубокое ауданы Секисовка ауылында (ШҚО – ред.) тұратын 15 жастағы жасөспірім мен оның 8 жастағы қарындасы «Ана мен бала» орталығына түскен. Белгілі болғандай, зардап шеккендердің анасы таңертең пешті жағып, жұмысқа кеткен. Үйде немерелеріне бас-көз болып әжесі қалған.
Түскі астан кейін балалар өзін нашар сезініп, бұл жайлы телефон арқылы анасына хабарлайды. Анасы дереу жедел жәрдем шақырып, балалар ауруханаға орташа ауыр жағдайда жатқызылды.
Ал, балалардың әжесі газдан уланбаған.
ШҚО Төтенше жағдайлар қызметкерлері пәтердегі жылыту пешінің асүйде орналасқанын анықтады. Балалар пештің жарамсыздығынан және оның түтін дұрыс шықпағаннан уланып қалған.