Қызылорда облысында газ баллоны жарылып, 4 адам қаза тапты

Автор: Azattyq Rýhy

Гүлшара Әбдіхалықова қайтыс болған азаматтардың туған-туыстарына көңіл айтты

фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Бүгін Жосалы кенті Рүстембеков көшесі, 29 мекенжайындағы (Қармақшы ауданы) жеке тұрғын үйде түскі 13:30 кезінде 27 литрлік газ баллоны жарылып, 144 шаршы метр жер өртке оранып, 4 адам қайтыс болды. Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіхалықова хабарлады.

  • С. Өміртаева (2001 ж.),
  • Р. Айтмаханова (1981 ж.),
  • Н. Айтмаханова (2000 ж.),
  • С. Мырхиев (1999 ж.).

Өрт сөндіру бөлімшесі келгенге дейін 1950 жылы туған С.Алмаханова хирургия бөлімшесіне жатқызылған.

Өртті сөндіруге ТЖД (16 қызметкер және 4 бірлік техника), ӨКМ (20 қызметкер және 4 бірлік техника), ЖАО (10 қызметкер және 3 бірлік техника), прокуратура (3 қызметкер,1 бірлік техника), БСМК (8 қызметкер және 3 бірлік техника), КРЭК (3 қызметкер және 1 бірлік техника) жұмылдырылды.

«Қайтыс болған азаматтардың туған-туыстарына Сыр елі жұртшылығы атынан қайғыра көңіл айтамын. Бұл бәрімізге де жеңіл тимеді. Қазір осыған байланысты мәселе менің тікелей бақылауымда тұр. Өрттен, судан, басқа да апаттан аман болайықшы, жерлестер!», - деп жазды облыс басшысы.