Ұшақ апатынан қаза тапқан әскерилермен қоштасу рәсімі өтті

Автор: Azattyq Rýhy

13 наурызда Алматыда болған ұшақ апатынан 4 әскери қаза тапты

фото: ҰҚК баспасөз қызметі

15 наурызда Алматы облысының Боралдай кентінде Ұлттық қауіпсіздік комитеті басшылығының қатысуымен ҰҚК Авиация қызметінің қаза тапқан әскери қызметшілеріне әскери құрмет көрсету рәсімі өтті.

Қаза болғандарды жерлеу орнына жеткізу үшін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жерүсті және әуе көлік құралдары тартылды.

ҰҚК қаза тапқан және зардап шеккен әскери қызметшілердің туыстары мен жақындарына барлық қажетті көмек пен қолдауды көрсетуде.

Қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан әскери қызметшілер еске алынып, ҰҚК Орталық аппаратының ғимаратында ведомстволық ту төмен түсірілді, сағат 17:22-де ұлттық қауіпсіздік органдарында «Бір минут үнсіздік» өткізіледі.

Құрылған ведомствоаралық жұмыс комиссиясы әуе апатының барлық мән-жайларын анықтау және борттық өздігінен жазатын құралды талдау бойынша жұмыс жүргізуде. Нәтижелері туралы қосымша хабарланатын болады.