Алматыда әскери ұшақ апатынан 4 адам қаза тапқан еді
Ұлттық қауіпсіздік қызметі Алматыда болған ұшақ апатының себебін анықтап жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«2021 жылғы 13 наурызда Алматы қаласы әуежайына қону кезінде ҰҚК Авиациялық қызметінің АН-26 әуе кемесі (борттық нөмірі 02) апатқа ұшырады. Бортта 6 экипаж мүшесі болды, оның 4 қаза тауып, 2 ауыр жарақаттармен госпитальға жатқызылды. Авиациялық оқиғаның себептері анықталып жатыр», - делінген хабарламада.