Біртанов, Аймағамбетов және Көлгінов жүрекке реанимация курсынан өтті

Автор: Azattyq Rýhy

Нұр-Сұлтанда ТМД бойынша алғашқы жүрекке арналған жаттығу орталығы ашылды

Орталықта базалық және кеңейтілген реанимация стандарттары бойынша жаттықтырушыларды оқыту шаралары басталды, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.

«Еліміздің Денсаулық сақтау, Білім және ғылым министрі мен қала әкімі алғаш болып америкалық кардиологиялық қауымдастығы жүрекке реанимациясының базалық курсынан өтті. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Ұлттық кардиологиялық орталығында ТМД бойынша алғаш рет халықаралық жүрекке арналған кеңейтілген және базалық оқыту реанимация халықаралық жаттығу орталығы ашылды. Орталық америкалық кардиология қауымдастығында аккредиттелген», - деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Хабарламада айтылғандай, орталықтың жұмысы өлім-жітім деңгейін төмендетуге, сондай-ақ үздік халықаралық тәжірибеге негізделген шұғыл медицина қызметтерінің білім беру жүйесін құруға мүмкіндік береді.

Фото: twitter.com/byelzhan

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов және Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов аталған халықаралық тренинг орталығының алғашқы курсанттарының бірі болды.