Аталған фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалды
Ақтөбеде қаржы пирамидасын құрған 3 адам ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақтөбе облысы Полиция департаментінің Тергеу басқармасы қазіргі уақытта қылмыстық іс-материалдарымен танысу сатысында тұрған “Home Avto Invest” ЖШС қаржы пирамидасына қатысты қылмыстық іс жүргізуді аяқтады.
«Осы қылмыстық істің материалдарымен танысу үшін жәбірленушілерден 2021 жылғы 20 наурызға дейінгі мерзімде Ақтөбе қаласы, Ағайынды Жұбановтар көшесі 271А үй, 424-кабинет мекенжайы бойынша келуді немесе 936-424 нөмірі бойынша хабарласуды сұраймыз», - делінген хабарламада.
2019 жылғы қарашадан бастап 2020 жылғы ақпанға дейінгі уақыт кезеңінде Ақтөбе қаласының үш тұрғыны Ақтөбе, Атырау және Ақтау қалаларының аумағында “Home Avto Invest” ЖШС қаржы пирамидасын құрып, онда сыйақы төлеу түрінде жоғарыда көрсетілген қалалардың тұрғындарының ақшасын иемденген, бұдан басқа төлемді бөліп-бөліп төлейтін автокөлік пен жылжымайтын мүлікті де қабылдаған.