Жамбыл аудандық соты заңсыз жолмен экстремистік сипаттағы діни әдебиет алып өтпек болған шетел азаматына қатысты қаулы шығарды
Өткен жылдың 25 қаңтарында Талас облысының Бақай- Ата ауданында (Қырғызстан) тұратын Қырғыз Республикасының азаматы «Айша бибі» шекаралық бақылау пункті арқылы Жамбыл облысының аумағына ҚР сот органдары тыйым салған экстремистік мазмұндағы діни әдебиеттерді алып кіруге әрекет жасаған.
Аталған дерекке қатысты Жамбыл облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 453-бабы 4-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырды.
Жамбыл аудандық сотының қаулысымен жоғарыда аталған бапта көзделген әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін К. есімді азаматқа 291 700 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.