СҚО-да пластик бөтелкені өртемек болған әйел бетін күйдіріп алды

Автор: Azattyq Rýhy

Дәрігерлердің айтуынша, ауыл тұрғынының қазіргі жағдайы орташа 

Фото: ашық дереккөзден

Солтүстік Қазақстан облысында пластик бөтелкенің кесірінен ауыл тұрғынының беті мен мойнының 15 пайызы күйіп қалды. Оған қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамау себеп болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Оқыс оқиға Есіл ауданының орталығы Явленка ауылында болған. Әйел пешті тұтатып отырып, ыдыс жуғыш құралдан босаған пластик бөтелкені отқа салып жіберген. Жалынға түскен синтетикалық материал бірден жарылып, кері қарай атылған.

Ойламаған жерден әйелдің беті мен мойнының 15 пайызы күйіп қалған. Дәрігерлер мұны «3-деңгей» деп бағалап отыр. Ақ халаттылар хирургия бөліміне жатқызылған емделушінің жағдайы орташа екенін айтты.

Эльмира Мәмбетқызы, СҚО