Шымкентте 31 жастағы әйел өзін өртеп жіберді

Автор: Azattyq Rýhy

Денесінің 80 пайызын күйік шалған әйел ауруханада жатыр 

Фото: ашық дереккөзден

3 желтоқсан күні кешке Юсуф Сареми көшесінің бойындағы ашық алаңда 31 жастағы әйел өз-өзін өртеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ол алдын ала үстіне жанармай құйып, сосын өзін өртеп жіберген. Денесінің 80 пайызын күйік шалған әйел ауруханаға жеткізілді.

Нақтыланбаған мәлімет бойынша, оның өзін-өзі өртеуіне жігітімен айырылысуы себеп болуы мүмкін.

Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы («Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелген. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.