06.03.2021, 02:47
Оқиғалар
Өскеменде өрт шыққан көпқабатты үйден 12 адам эвакуацияланды
Бірінші кезекте 3 тұрғын құтқарылды
Фото: баспасөз қызметінен
Өскемен қаласында өрт шыққан үшқабатты тұрғын үйден 3 адам құтқарылып, 12 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Грибоедов көшесіндегі үшқабатты тұрғын үйде өрт шыққан. Оқиға орнына құтқарушылар шұғыл жетті. Бірінші кезекте 3 тұрғын құтқарылды. Оларды оттегі маскасының көмегімен қатты түтінденген кіреберістен алып шықты. Сонымен қатар тағы 12 адам эвакуацияланды, оның 4-уі бала», - делінген хабарламада.
Белгілі болғандай, бірінші қабаттағы пәтерде диван жанған. Алдын ала мәлімет бойынша қызыл жалынның шығуына - отпен абайсыз әрекет ету себеп болуы мүмкін.
Көп оқылған
22.10.2026, 17:03
«Жауыма да тілемеймін»: Дана Нұржігіттің ұлы өгей әкесінен көрген қорлығы жайлы айтты (ВИДЕО)
22.10.2026, 12:01
Жүздеген ақбөкенді өлтіріп, мүйізін Қытайға сатпақ болған: ҰҚК сұмдық мәліметті жария етті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды