Қаза болғандар мен жарақат алғандар жоқ
Оралда тұрғын үй өртеніп, 2 газ баллоны жарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі БҚО ТЖ департаментіне сілтеме жасап.
«Никель» бау-бақша серіктестігіндегі тұрғын үйдің жанып жатқаны жөнінде хабар түсті. Алғашқы өрт сөндіру бөлімі келгеннен кейін аумағы 120 шаршы метр үйдің отқа оранғаны анықталды. Сондай-ақ өрт сөндірушілер келгенге дейін 2 газ баллоны жарылып, үйдің қабырғалары құлағаны белгілі болды. Қаза болғандар мен жарақат алғандар жоқ», - деп жазылған хабарламада.
Өрттің шығу себебі – тұрмыстық газ құрылғыларын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуы.