Оралда 17 жастағы жігіт көпірден секіріп кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Полицейлер марқұмның кім екенін анықтап жатыр

Фото: ашық дереккөзден

Оралда белгісіз жасөспірім Деркөл ауылы маңындағы жол өткелінен секіріп, өз-өзіне қол жұмсады. Полицейлер марқұмның жеке басын анықтап жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі өңірдегі полиция департаментіне сілтеме жасап.

«4 наурызда таңғы сағат жетіде Деркөл ауылы маңындағы көпір астынан жас баланың денесі табылды. Шамамен 17 жаста. ҚР ҚК-ның 105-бабы ("Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу") бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Қазір құқық қорғау органы қызметкерлері жасөспірімнің жеке басын анықтап жатыр», - деп жазылған хабарламада.