$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
04.03.2021, 22:19
Оқиғалар

Жамбыл облысында жылыту маусымы басталғалы өрттен 14 адам көз жұмған

Осы аралықта облыста 300-ге жуық өрт болған

Жамбыл облысында жылыту маусымы басталғалы өрттен 14 адам көз жұмған
Фото: ашық дереккөзден

Жамбыл облысы әкімдігінде өткен басқосуда өрт және газдан улану жағдайларының алдын алу мәселесі қаралды. Аймақтағы төтенше жағдайлардың осы санаты бойынша статистика көңіл көншітпейді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі облыс әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Ермек Момбаевтың айтуынша, жылыту маусымы басталғаннан бері өңірде 284 өрт тіркеліп, 14 адам қаза тауып, екеуі жарақат алған. Үш адам улы газбен уланып, 30-дан астам зардап шегуші құтқарылған.

Облыс әкімі төтенше жағдайлар департаменті басшылығынан төтенше жағдайлар мен жазатайым оқиғаларға әкеп соқтыруы мүмкін кемшіліктердің алдын алу жұмысын күшейтуді талап етті. Бұл ретте тұрғындары қарапайым қауіпсіздік ережелеріне бейжай қарайтын бұрынғы саяжай массивтері мен қаланың шет жақтарындағы аудандарға ерекше назар аудару қажеттігі айтылды.

Серіктес жаңалықтары