29 жастағы тұрғын дүкен тонады деген күдікпен ұсталған
15 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысы Сергеевка ауданының 29 жастағы тұрғыны дүкен тонады деген күдікпен ұсталып, тергеу изоляторына қамалды. Ұсталған күдіктінің бұған дейін де бірнеше рет алаяқтық әрекетке барғаны анықталған. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды.
«Тергеу барысында оның былтыр желтоқсан айында жергілікті тұрғындардың бірінен «әпкесінің жерлеу рәсіміне ақша керек» деген сылтаумен 50 мың теңге алғаны белгілі болды. Алайда күдіктінің ешқандай әпкесі болмағаны анықталды», - делінген хабарламада.
Қаңтар айында ер адам аудандағы шаруашылықтардың біріне жұмысшы болып орналасып, арада екі апта өткен соң басшысынан көмек сұраған.
«Алаяқ басшысынан анасының жерлеу рәсіміне ақша сұраған. Кәсіпкер қол астындағы қызметкерінің анасының тірі және дені сау екенін білмегендіктен, 62 мың теңге берген. Алайда, ақшаны алған ер адам содан кейін жұмысқа шықпаған», - деп жызылған.