Екібастұзда жолаушылар вагонынан өрт шықты

Автор: Azattyq Rýhy

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ

Фото: Павлодар облыстық ТЖД

Екібастұзда жолаушылар вагонынан өрт шықты, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

«Сағат 13.04-те №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің байланыс пунктінің пультіне Астана көшесі, 23Б мекенжайы бойынша вагонның жанғаны туралы хабарлама түсті. Шақыру орнына 2-МӨСБ және 6-ӨСБ күштері мен құралдары жіберілді», - дейді облыстық ТЖД баспасөз  қызметінде. 

Оқиға орнына келгеннен кейін «Екібастұз мотор-вагон депосы» ЖШС ашық аумағында теміржол жолдарында жалпы ауданы 73 шаршы метр металдан жасалған жолаушылар вагонының жанғыш құрылымдары толығымен жанып кеткені анықталды. 

Өртте 2-МӨСБ және 6-ӨСБ жеке құрамынан 10 адам, 3  техника жұмылдырылды.