Олардың бәрі оқиға орнында көз жұмды
«Қостанай - Әулиекөл» тасжолында екі көлік соқтығысып, жеті адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Полиция қызметкерлері «Лексус» автокөлігінде 3 адам, «Паджерода» 4 адам болғанын анықтады. Барлық жолаушы оқиға орнында мерт болды.
«Лексус» көлігі Қостанайдан Нұр-Сұлтанға, ал «Паджеро» жүргізушісі облыс орталығына бара жатқаны белгілі болды», - деп жазылған хабарламада.