Түркістан облысында төрт бала мен бір ересек адамның мәйіті табылды

Автор: Azattyq Rýhy

Мәйіттерді жеке тұрғын үйден көршілері тауып алған

Фото: ашық дереккөзден

Түркістан облысындағы жеке тұрғын үйден 5 адамның жансыз денесі табылды, оның төртеуі кәметлекетке толмаған балалар, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ҚР ТЖМ ресми өкілі Талған Уәлиге сілтеме жасап.

«27 ақпанда Түркістан қаласындағы жеке тұрғын үйден көршілері 5 адамның, оның ішінде 4 кәмелеттік жасқа толмаған баланың мәйітін тауып алған. Үй ішінде өрт болғаны байқалмайды. Үйде табиғи газбен жылыту жабдығы орнатылған», - деп нақтылады Талғат Уәли.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. ТЖМ газ құралдарын пайдалану кезінде қарапайым қағидаларды сақтауға шақырады.