Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр
Батыс Қазақстан облысындағы жеке тұрғын үйлердің бірінен ерлі-зайыпты зейнеткерлердің денесі табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«25 ақпан күні Трекино ауылындағы жеке үйден 65 жастағы екі зейнеткердің мәйіті табылды. Алдын ала болжам бойынша олар ыс тиіп қайтыс болған», - делінген полиция хабарламасында.
Құқық қорғау өкілдері қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатқанын атап өтті.