Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды
Екібастұз қаласында жантүршігерлік адам өлімі тіркелді. Күдікті Сәтпаев көшісендегі үйлердің бірінің ауласында жүрген ер адамды атып кеткен. Жапа шегуші жарақат салдарынан оқиға орнында көз жұмған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Павлодар облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аталған ведомстваоның хабарлауынша, оқыс оқиға ақпанның 23-і күні таңғы 8:00-8:10 шамасында тіркелген. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодеусінің 99-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды.
«Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері 65 жастағы ер адамды ұстады. Қылмыстық оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда. Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу қауіпсізідігіне орай басқа мәліметтер жарияланбайды», - деді Павлодар облыстық Полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов.
Күдікті Екібастұз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қолындағы қаруы тәркіленді. Ол айғақ ретінде сот материалдарына бекітіледі. Іске қатысты басқа ешқандай ақпарат жарияланған жоқ.