$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
24.02.2021, 18:40
Оқиғалар

Карантинді бұзған судья жазаланады – Бас санитарлық дәрігер

Вице-министрдің айтуынша, азаматтардың қызметтік лауазымы жазаны жеңілдетпейді 

Карантинді бұзған судья жазаланады – Бас санитарлық дәрігер

ОКҚ брифингінде ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері, Денсаулық сақтау вице-министрі Ерлан Қиясов Қарағанды облыстық сотының судьясы Естай Исабеков түсірген видеоға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі. 

«Аталған факті бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде. Ол (судья – ред.) ҚР барлық азаматтары үшін қарастырылған жауапкершілікке тартылады. Бұл жағдайлар қоғамға жалпы теріс әсер етеді. Біз әрбір осындай жағдай бойынша ең қажетті шараларды қабылдаймыз. Негізінде мен заң бұзушыларды жоғары лауазымдарына қарап бөлмеймін», - деді Ерлан Қиясов.

Ол мұндай жағдайлар қазақстандықтарда жағымсыз реакция тудыратынын атап өтті.

«Бұл факт біздің де ашуымызға тиді деп айта аламын. Мұндай адамдар, керісінше, үлгі көрсетуі керек», - деді елдің бас санитар дәрігері.

Бұған дейін желіде облыстық соттың судьясы Естай Исабековтің тойда жүрген видеосы тарағанын еске саламыз. Қарағанды облыстық сотында Исабековке қатысты қызметтік тексеру жүргізілді.

Сондай-ақ вице-министр Парламент депутаттары мен Үкімет мүшелерін вакцинациялау туралы айтты.

«Олар мемлекеттік қызметшілермен бірдей вакцинацияланады. Бұл медицина қызметкерлеріне, педагогтарға, әскери қызметшілерге толыққанды вакцинация жүргізілгеннен кейін жүзеге асады. Сондай-ақ мемлекеттік қызметшілерге вакцинация жүргізу көзделіп отыр», - деп хабарлады Бас санитарлық дәрігер.

Серіктес жаңалықтары