Қарағандыда облыстық соттың судьясы тығылып той жасаған
Ол анасының мерейтойын жасап, карантин талаптарын бұзған
Қарағанды облыстық сотының судьясы Естай Исабеков анасының мерейтойын жасап, карантин талаптарын бұзған. Оны кезекті рейд барысында мониторингтік топ әшкереледі. Бейнежазбадан Исабековтың тәртіп сақшысынан бетпердесін шешуді талап етіп, дөрекі сөйкескенін көруге болады.
Айта кетейік, отбасылық мереке жергілікті мейрамханалардың бірінде қаңтардың 23-і күні өткен. Бірақ бұл жайында енді ғана белгілі болып отыр.
Мониторингтік топ карантин талаптарын бұзған бұл деректі осы кезге дейін жария етпеген. Тек аты-жөнін жасырған автор болған жайдың барлығын әлеуметтік желіге жүктеген. Айтуынша, бұл үшін судьяға ешқандай әкімшілік жаза қолданылмапты және бұл жайт мамандандырылған ауданаралық соттың мәліметтер базасына да енгізілмеген.