ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 857 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

Қазақстанның 7 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Бұл облыстарда қатты жел соғып, тұман түседі

Фото: ашық дереккөзден

Еліміздегі жеті облыс аумағында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

22 ақпанда күндіз Маңғыстау облысының кей жерлерінде көктайғақ болуы мүмкін. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі, жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін.

Атырау облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман түседі, жаяу бұрқасын соғуы мүмкін. Желдің оңтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысады, күндіз кей жерлерде жылдамдығы 18 м/с жетеді.

22 ақпанда күндіз Қызылорда облысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғады. Жел батыстан соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді.