Бір адамның жағдайы ауыр
Батыс Қазақстан облысындағы Орал-Атырау тас жолында ірі жол апаты болып, салдарынан 6 адам қайтыс болды деп хабарлайды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиға Тайпақ ауылына жақын маңда болған. Toyota мен Лада автокөліктерінің соқтығысуы салдарынан оқиға орнында 6 адам қаза тапқан. Тағы бір адам ауыр халде ауруханаға жеткізілді.
Қазір оқиға орнында полицейлер жұмыс істеп жатыр. Жол апатының өзге де мән-жайы енді анықталатын болады.