Павлодар облысында жол апатынан бір адам қаза тапты

Автор: Azattyq Rýhy

Тағы 4 адам ауруханаға жеткізілді

Фото: ашық дереккөзден

Павлодар облысында жол апаты салдарынан жүргізуші қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Омбы - Майқапшағай автожолында «Лада-грант» және «Ауди-100» автокөліктері соқтығысты. Апат салдарынан «Лада» автокөлігінің 38 жастағы жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Қасындағы екі жолаушы мен «Ауди-100» автокөлігінде болған екі адам ауруханаға жатқызылды», - деп жазылған хабарламада.

ЖКО фактісі бойынша сараптама тағайындалды. Тексеру жүргізіліп жатыр.