25 жастағы жүргізуші оқиға орнында көз жұмды
Батыс Қазақстан облысында жол апатынан 25 жастағы жүргізуші қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhyтілшісі еп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Оқиға 16 ақпан күні кешкісін Самара-Шымкент тасжолында болды. Теректі ауданы Аңқаты ауылына қарай бұрылар тұста 25 жастағы жүргізуші ВАЗ-21102 автокөлігімен жолдың қарсы бетіне шығып кеткен. Содан «КамАЗ» жүк көлігімен соқтығысқан. Ол жеңіл көлікте жалғыз болған», - деп жазылған хабарламада.
Оқиға орнында қаза тапқан марқұмның денесін БҚО ТЖ департаменті жедел құтқару жасағының қызметкерлері арнайы құралдардың көмегімен көліктен шығарды. Жол-көлік оқиғасының себептері анықталуда.