Нұр-Сұлтанда бір тәулікте 58 жол апаты болды
Полицейлер үндеу жасады

Елорданың полиция қызметкерлері ауа райының күрт жылынып, жолдардың тайғақ болуына байланысты қала тұрғындарын абай болуға шақырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасар.
Өткен тәулікте елорда аумағында 58 жол-көлік оқиғасы, ал түнде 13 оқиға тіркелген. Таңертеңнен бері тағы 24 көлік апаты есепке алынды. Абырой болғанда жол оқиғалары кезінде зардап шеккендер жоқ.
«Жүргізушілерге көше қиылысынан және жаяу жүргіншілер жолағынан өткен кезде барынша қырағылық танытып, жылдамдық режимін қатаң сақтауға кеңес береміз. Жаяу жүргіншілер үшін тайып құлаған сәтте жарақаттану қаупі жоғары. Қала тұрғындарынан жолдан және жаяу жүргіншілер жолағынан өткен кезде сақтық шараларын ұстануды өтінеміз», - деді елорда полициясынан.